Индонезияда мектептің төбесі опырылып, бір бала қаза тапты

Индонезияның Шығыс Ява аймағында төрт қабатты ислам мектебінің төбесі опырылып түсті.

Бір оқушы қаза тапты, ондаған бала үйінді астында қалып, 79-ы жарақат алған. Құтқарушылар, полиция және әскерилер ауыр техника көмегімен бетон үйінділерін аршып, тірі қалғандарды іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендердің көбі ер балалар. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бастапқыда бұл екі қабатты құлшылық ету орны болған. Кейін оған заңсыз тағы екі қабат салынып, ғимарат оқу орнына айналған.