Пәкістандағы жарылыс: 10 адам қаза тапты

Пәкістанда  жарылыс болып, кемінде 10 адам қаза тапты. Тағы 32 тұрғын жарақат алды.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Зардап шеккендер шұғыл ауруханаға жеткізілді. Қайғылы жағдай адамдар жиі қатынайтын көшеде болды. Куәгерлердің айтуынша, қаруланған төрт адам көліктен түсіп, әскерилерге оқ жаудырған. Артынша көлікке жасырылған жарылғыш зат іске қосылған. Қаскөйлердің барлығы сол жерде көз жұмды. Билік бұл шабуылды жергілікті лаңкестік топ  ұйымдастырғанын хабарлады.