Филиппинде жойқын жер сілкінісінен 72 адам қаза тапты

Филиппинде зілзаладан 72 адам опат болып, 294 тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды 24kz.

Тайфуннан кейін ес жиып үлгермеген халық дүмпулерден қорқып, ашық аспан астында түнеп жүр. Зілзала ошағы Бого қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 18 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Себу аралы тұрғындары да жер сілкінісін сезген. Апат болған аудандарда құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.