Израиль тұрғындары Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті

Израильде мыңдаған адам үкіметке қарсы шеруге шықты, деп хабарлайды 24kz.

Халық биліктен Газадағы соғысты тоқтатып, тұтқындарды елге қайтаруды талап етіп жатыр. 

Шерушілер премьер-министр Биньямин Нетаньяху ХАМАС-пен келісімге кедергі келтіріп жүзеге, асырмай тастауы мүмкін деп қауіптенеді. Кейінгі мәліметке сәйкес, аталған ұйым АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған бейбіт жоспардың негізгі шарттарымен келісетінін жеткізген. Әрі соғысты тоқтатып, тараптар арасындағы тұтқындарды босату туралы бітімге дайын екенін мәлімдеді.