Израиль мен ХАМАС бейбіт келісімге келді

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен ХАМАС-тың бейбіт келісімге келгенін мәлімдеді. Ол бұл күнді араб әлемі үшін "Ұлы күн" деп атады.

Сонымен қатар Түркия, Қатар мен Мысырға екі елдің бітімге келуіне көмектескені үшін алғыс білдірді. Алайда ХАМАС АҚШ президентінен Израильдің бітімгершілік талаптарын толық орындауын қамтамасыз етуді сұрады.

Келісімге сәйкес Израиль әскерін шегіндіреді. Бұған қоса, ХАМАС қозғалысының тұтқындары 13 қазан күні үйлеріне оралады.