Израиль Газаға әуе соққысын жасады

Израиль әскері Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах шекара бекетіне жаңа әуе соққысын жасады.

 ((The Times of Israel)) Зэ Таймс оф Израиль басылымының хабарлауынша, бұл әрекет 17 қазанда палестиналық жасақтардың Израиль бекеттеріне жасаған шабуылына жауап. Алайда ХАМАС айыптауларды жоққа шығарып, әрекеттің бейбіт тұрғындарды қорғау мақсатында жүзеге асқанын мәлімдеді. Қақтығыстың күшеюі апта басында мақұлданған Дональд Трамптың бейбіт бастамасына да қауіп төндіріп тұр.