Түркияда жер сілкінді
Түркияның оңтүстігінде жер сілкінді. Балыкесир провинциясындағы бұл дүмпудің магнитудасы 6 балдан асқан.
Осы аймаққа көрші аудандар мен Ыстамбұл тұрғындары да тербелісті сезді. Зілзала ошағы Сындырғы елді мекенінің маңында алты шақырым тереңдікте тіркелген. Бірнеше ғимарат бұзылған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір апат болған ауданда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.