Ауғанстанда жер сілкінісінен кейін лай көшті
Ауғанстанның солтүстігінде болған зілзала көшкінге ұласты.
Табиғи апаттан опат болғандар саны 24-ке жетті. 6,4 балдық жер сілкінісі Саманган провинциясындағы Хульм ауданында тіркелді. Елді мекенде шамамен 523 мың адам тұрады. Табиғи апат топырақтың ығысуына себеп болған. Салдарынан үйлер қирап, жолдар жабылды. Құтқару жұмысы жалғасып жатыр.