Пәкістанда жарылыстан 12 адам қаза тапты
Пәкістанның Исламабад қаласында жарылыс болып, 12 адам қаза тапты.
Тағы 20-дан астам тұрғын жарақат алды. Жарылғыш зат аудандық сот ғимаратының алдында тұрған көлікке қойылған. Жараланғандардың барлығы дерлік қала ауруханаларына жеткізілді, кейбірінің жағдайы ауыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.