Тәліптер Исламабадтағы жарылысты мойнына алды

Пәкістандық «Талибан» қозғалысы Исламабадтағы теракт үшін жауапкершілікті өз мойынына алды. Аймақ соты есігінің алдында өзін-өзі жарып жіберген лаңкес «Джамаат-уль-Ахрар» тобының өкілі болып шықты.

Жарылыс кезінде алаңда жұрт қарасы қалың болғандықтан, 12 адам қаза тапты. 30-ға жуық тұрғын жарақат алды. Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф кең көлемде тергеу жүретінін айтты.