Испанияда мигранттар құтқарылды

Испания жағалау күзеті Канар аралдары маңынан 60 мигрантты құтқарды. Олардың арасында әйелдер мен балалар бар. 

Босқындар Пиреней түбегіне ағаш қайықпен теңіз арқылы жетуге тырысқан. Әскерилердің айтуынша, бұл ауданда толқын жиі тұрады. Былтыр Испанияға 40 мыңнан астам мигрант келген. Алайда биыл олардың саны біршама төмендеген.