Перуде өрттен 10 адам қаза тапты

Перудің Уанкане қаласында мейрамхана өртеніп, 10 адам опат болды. Құрбандардың сегізі жергілікті колледж студенттері. Үш адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Өрт газ баллоны жарылғаннан кейін әп-сәтте бүкіл ғимаратқа тарады. Төтенше қызмет оқиға орнына кеш жеткен. Жергілікті тұрғындар жалынды өз күштерімен тоқтатуға тырысқан. Тексеріс барысында ғимаратта қажетті өрт сөндіру жабдықтары мен эвакуациялық жолдардың болмағаны анықталды.  Жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр.