АҚШ, Израиль, Қатар өкілдері келіссөз өткізді

Нью-Йоркте АҚШ, Израиль, Қатар арасында келіссөздер өтті. Бұл Дохаға жасалған Израиль шабуылдарынан кейінгі алғашқы кездесу.

Шетелдік басылымдардың мәліметіне сүйенсек, Изариль өз әрекеті үшін кешірім сұраған. Ресми Тель-Авив шабуылдың ХАМАС жетекшілеріне бағытталғанын алға тартады. Бұдан бөлек тараптар Газадағы шиеленістің күшеюі, қақтығысты тоқтату туралы бейбіт келісімнің орындалу жайын талқылады. Бұл келіссөздер Қатардың дипломатиялық делдалдығын күшейтіп, аймақта жанжалдың күшеюіне жол бермейтін үшжақты кездесудің бастамасы болды. Келесі кездесу алдағы аптада өтуі мүмкін.