Таиланд-Камбоджа: 38 адам қаза тапты

Таиланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Салдарынан Камбоджада 15 адам қаза тауып, 74 тұрғын жарақат алды.

Таиланд жағынан 23 адамның, оның ішінде әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындардың мерт болғаны хабарланды. Қауіпсіздік мақсатында екі елде жарты миллионнан астам адам эвакуацияланды. Шекаралық өткізу бекеттері уақытша жабылды. АҚШ президенті Дональд Трамп арадағы шиеленіс шешілмесе, екі елге де қосымша салық енгізетінін ескертті.