Қытай жеке деректерді қорғауды күшейтті
Қытай ескі электронды құрылғылардағы жеке деректерді жою бойынша жаңа ұлттық стандарт енгізді.
Себебі кейінгі жылдары ескі ұялы телефондар мен компьютерлерді қайта өңдеу кезінде жеке мәліметтердің таралу оқиғалары жиілеген. Жергілікті билік осы олқылықты түзеу үшін электронды құрылғылардағы деректерді жою талаптарын күшейтті. Жаңа тәртіпке сәйкес, пайдаланушы деректері өшірілгеннен кейін құрылғыға бірнеше рет жаңа ақпарат енгізіліп, қайта өшіріледі. Бұл әрекеттен кейін оларды қалпына келтіру мүмкін емес.