Колумбия шекарадағы қауіпсіздікті күшейтті
АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған шабуылынан кейін Колумбия шекарадағы қауіпсіздік шараларын күшейтті.
Қазір босқындар ағынына дайындық жүріп жатыр. Бұл туралы ел президенті Густаво Петро мәлімдеді. Оның айтуынша, елде жедел қызметтер мен гуманитарлық ұйымдар үздіксіз жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар Венесуэламен шекаралас алты муниципалитетте полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Ла-Пас, Сан-Диего және Манауремен арадағы шекараға әскер қойылды