Израиль Ливанның оңтүстігін бомбалады  

Израиль Ливанның оңтүстігіндегі Аанан елді мекенін бомбалады. Тель-Авивтің мәліметіне қарағанда, Хезболла мен Хамас нысандарына соққы жасалды. 

Әскери операцияға дейін Ливанның төрт бірдей елді мекенінде эвакуация жарияланды. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Тараптар 2024 жылы АҚШ-тың арағайындығымен бейбіт келісімге қол қойған еді. Алайда Израиль келісімге қарамастан шабуыл жасауды тоқтатпай тұр. Былтыр бес мыңнан аса соққы жасады. Соның салдарынан 376 адам қаза тауып, бір мыңға жуық тұрғын жараланды.