Өзбекстанда мемлекеттік банктер жекеменшікке өтеді

Өзбекстан 2030 жылға дейін елдегі бес мемлекеттік банкті жекеменшікке өткізеді. Биылғы жоспар бойынша біреуі сатылуға тиіс. 

Айта кету керек, көрші елде тоғыз ірі банк мемлекеттің меншігінде. Бұл банктер елдегі барлық активтердің 64,53%-ына иелік етеді. Билік жекешелендіру арқылы көрсеткішті бірте-бірте азайтып, 2030 жылға дейін бес банкті сатпақ. Тағы бір айта кетерлігі, қабылданған қаржылық стратегияда шетелдік банк топтарының қатысуына тыйым салынған. Демек қаржылық ұйымдар енді тек ел азаматтарының иелегіне өте алады.