АҚШ Венесуэла мұнайынан $4 млрд пайда тапты

АҚШ Венесуэла мұнайын әлемдік нарыққа шығарып, мол табысқа кенелді.

Қазірге дейін 4 млрд доллар пайда тапқан. Мұны Президент Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты. Оның сөзіне қарағанда, Құрама Штаттар осымен шектеліп қалмақ емес. Венесуэла мұнайын саудалауды жалғастырады. Бүгін Ақ үй басшысы салаға қатысты 14 алпауыт компанияның басшысымен кездеседі. Президент Трамп тоқырауға ұшыраған Венесуэланың мұнай саласын жандандыруға ниетті. Бұл үшін кемі 100 млрд доллар инвестиция тартамыз, - деп отыр.