Сирия билігі Алеппоға қосымша күш жіберді  

Сирия Қорғаныс министрлігі Алеппо қаласына қосымша әскери күш жіберді. Қазір провинцияның шығысында, Дейр-Хафир және Мес-кена қалаларында қорғаныс күшейтілген. 

Енді бұл өңір жабық әскери аймақ деп жарияланды. Сирияның солтүстігіндегі жағдай 6 қаңтарда шиеленісе түсті. Күрдтердің «Сирия демократиялық күштері» қозғалысы, ел билігінің күрд жасақтарына қарсы әскери операциясын қатаң айыптады. Атыс-шабыс салдарынан 24 адам қаза тауып, 129 тұрғын жарақат алды. Ал 11 қаңтарда, тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келген еді.