Таиландта теміржол апатынан 31 адам қаза тапты

Таиландтың солтүстік-шығысында жолаушылар пойызына құрылыс краны құлап, кемінде 31 адам қаза тапты.

Тағы шамамен 80 жолаушы жарақат алған. Алдын ала мәліметке сәйкес, теміржол көпірі салынып жатқан аумақта кран биіктіктен құлап, қозғалыстағы пойыздың локомотивіне түскен. Соққыдан кейін пойыз кенет тоқтап, бірнеше вагон рельстен шыққан. Құтқару қызметі оқиға орнына жедел жетіп, жолаушыларды эвакуациялады. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.