Гренландияға Еуропадан әскери топ жетті

АҚШ пен Гренландия арасындағы жағдайдың ушығуына байланысты НАТО-ға мүше елдер Гренландияға әскер жіберді.

Оның құрамында Франция, Дания, Нидерланд, Швеция, Ұлыбритания, Норвегияның жасақтары бар. Олар екі күндік барлау миссиясына тартылады. Сарбаздар аймақтың қауіпсіздігін тексеріп, теңізді бақылау саласындағы мүмкіндіктерін бағалайды.