Қытайда ЖИ компаниялары акцияларына сұраныс артты

Қытайда жасанды интеллектімен айналысатын компаниялар акцияларын жаппай сатылымға шығара бастады.

Әсіресе «үлкен тілдік модельдерді» жасаушылар белсенді. Бұл мәтінді өңдеуге, түсінуге және жетілдіруге арналған жасанды интеллект түрімен шұғылданатын компаниялар. Қазірдің өзінде Гонконг қор биржасында 6 ірі өндірушінің құнды қағаздары листингке енгізілді. Бұл сауда нарығында жоғары сұраныс туғызды. Мұндай жағдай көрші елдің нарығында алғаш рет тіркеліп отыр. Сарапшылар мұны саланың ғылыми-зерттеуден технологиялық-коммерциялық кезеңге өтуімен байланыстырады.

Гун Пимин, Қытай макроэкономикалық зерттеулер академиясының ғылыми қызметкері:

- Бизнес модельдердің қалыптасуы компанияларды қаржыландыруға және бағалауға негіз болады. Қазір жасанды интеллект секторы қарқынды даму үстінде. Frost and Sullivan зерттеу компаниясының мәліметіне сай қытайдың тілдік модельдерінің нарығы 760 млн долларға жуықтаған. Енді 2030 жылға қарай бұл тағы 63 пайызға артады.