Африкада тасқыннан 19 адам опат болды

Оңтүстік Африка Республикасында су тасқынынан 19 адам опат болды.

ВВС-дің хабарлауынша, елде табиғи апаттан қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі жарияланған. Әсіресе Лимпопо мен Мпумаланга провинциялары қатты зардап шекті. Мыңнан астам үй су астында қалған. Ең танымал туристік орындардың бірі – Крюгер ұлттық паркі жабылды. Құтқарушылар адамдарды тікұшақтар және резеңке қайықтардың көмегімен қауіпсіз жаққа көшіріп жатыр. Билік бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін 250 млн доллар бөлуге уәде берді.