АҚШ армадасы Иранға беттеді

Иран ядролық келісімге келмесе, «Түнгі балға» операциясынан да жойқын соққы жасалады.

Дональд Трамп Иранға тағы ескерту жасады. Ақ үй басшысы Иранға армада, яғни жойғыш ұшақтар тиелген. Бес қаруы сай алып кемелердің бет алғанын да мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл Венесуэлаға жіберілген флоттан әлдеқайда күшті. 26 қаңтарда АҚШ Орталық қолбасшылығы Авраам Линкольн кемесінің аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Таяу Шығысқа келгенін растады. Бұл арада Иран да шегінер емес. Тегеран кез келген шабуылға қатаң түрде жауап беретінін жеткізді. Әсіресе АҚШ-тың Таяу Шығыстағы базаларына соққы жасалады деген меңзеу бар. Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Тегеран ядролық қару жасауды ешқашан мақсат етпегенін және тек бейбіт атомды дамытуға мүдделі екендіктерін айтты. Иран мемелкеттік ақпарат құралдарын жазуынша,кейінгі күндері Тегеран мен Вашингтон арасында тікелей ешқандай келіссөз жүрмеген. Тікелей байланыс болмаған.