«Рафах» бақылау-өткізу пункті ашылды

Газа секторы мен Египет шекарасындағы «Рафах» бақылау-өткізу пункті уақытша ашылды. Пункт әзірге сынақ режимінде жұмыс істейді. 

Бұл қауіпсіздік жүйелерін толық тексеру үшін қажет. Қазір шекарада Мысыр, Еуроодақ және Израиль өкілдерінен құралған бақылаушылар бар. Олар кіріп-шыққан адамдардың құжаттарын тексеруге жауапты. Әзірге бұл жерден тек бір тәулік бұрын өтініш бергендер ғана өте алады. Қазір Египет жағында жедел жәрдем бригадалары Газа секторына кіруге дайын тұр. Аймақты басқару жөніндегі ұлттық комитеттің басшысы Али Шааттың айтуынша, бақылау-өткізу бекетінің қайта ашылуы өңірді қалпына келтіру жолындағы алғашқы қадам.