Суыққа тоңбайды, қарға батпайды

«Гуманоид-робот аязда тоңбайды. Қалың қарды да елемейді. Қытай мамандары Unitree G1 роботын экстремалды биік таулы аймақта сынақтан өткізді.

Робот 47,5 °C аязда 130 мыңнан астам қадам жасап, жаңа рекорд орнатты. Жай жүрмей, ұзындығы 186, ені 100 м болатын Қысқы Олимпиада ойындарының эмблемасын өрнектеп берген.  Эксперимент Қытайдың Шыңжаң өңірінде жүргізілді. Бұған дейін тағы бір қытайлық Agibot A2 гуманоидты роботы 106 шақырым жол жүріп, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.