Сарапшы: «Конституциялық реформа – уақыт талабы»
Қазақстанның Конституциялық реформасында ұлттық және халықаралық тәжірибе үлгілері нақты ескерілген, деп хабарлайды 24KZ.
Мұнда қазақ елінің ұлттық ерекшеліктері көрініс тапса, екінші жағынан қазіргі әлемдік даму үрдістері де бар. Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының директоры Сунь Чжуанчжи осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, реформа мемлекет дамуының жаңа кезеңіне өтуіне құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол: «халықаралық жағдай құбылып тұрған шақта мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру аса маңызды қадам», - деп атады.
Сунь Чжуанчжи, Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының директоры:
– Реформаны жүзеге асыру кезеңінде уақыт аса маңызды. Қазір әсіресе, Орталық Азия аймағындағы геосаяси ахуал өзгеріп келеді. Осындай кезеңде конституциялық реформаны жүргізу мемлекет дамуының жаңа белесіне өтуге берік құқықтық негіз болады. Бұл басталған өзгерістерді жүйелі түрде жалғастырып, елдің болашақ дамуын айқындауға жағдай жасайды.