Оманда Иран мен АҚШ келіссөзі өтеді
Иран мен АҚШ арасындағы ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер бүгін Оман астанасы Маскат қаласында өтетін болды.
Бұл жөнінде Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи X желісінде мәлімдеді. Кездесу Гринвич бойынша 06:00 шамасында басталуы тиіс екенін жазды. Осыған дейін елдер арасындағы жағдайдың ушығуына байланысты дипломатиялық кездесудің өтетін орны мен уақыты бернеше мәрте өзгерген болатын. Делегациялар құрамында Ақ үйдің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен кеңесші Джаред Кушнер және Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи болады. Қатар мен Мысырдың қолдауымен, Түркияның арағайындығымен өтетін келіссөздерге Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан және Оман өкілдері де қосылуы мүмкін.