Илон Масктың байлығы 800 млрд доллардан асты
Американдық кәсіпкер Илон Масктың байлығы 800 млрд доллардан асты.
Ол әлем бойынша ең бай адамдардың тізімінде рекорд жаңартты. Бұл туралы Forbes журналы хабарлады. Оның капиталы SpaceX пен xAI компанияларының бірігуінен кейін 84 миллиард долларға ұлғайған. Форбстың рейтингінде екінші орынға Google компаниясының тең құрылтайшысы Ларри Пейдж жайғасты. Оның байлығы 281 миллиард долларға бағаланды. Ал Google-дың негізін қалаушы Сергей Брин үшінші орында. Оның капиталы 255 миллиард доллар.