Еуроодақ ішкі нарықты дамытуға кірісті

Еуроодақ елдерінің көшбасшылары экономиканың бәсекеге қабілетін арттыру үшін ішкі нарықты дамыту жұмысын жеделдетуге кірісті.

Негізгі мақсат - бизнесті дамытуға кедергі келтіретін бюрократиялық талаптарды азайтып, кәсіпорындардың жұмысын жеңілдету. Сонымен қатар, стратегиялық салаларда еуропалық компанияларға көбірек қолдау көрсету көзделіп отыр. Бұған қоса жеке жинақтардан инвестиция тарту арқылы экономикаға қосымша қаржы құю жоспарланған. Сарапшылар мұндай қадам Еуроодақтың әлемдік нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді деп бағалайды. Нақты жоспарлар наурыз айында жариялануы тиіс.