Ауғанстан гуманитарлық көмекке мұқтаж
Кейінгі жылдары Иран мен Пәкістанда жаппай депортациялау белең алып, ауғандар өз еліне кері ағылған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, 2023 жылдан бері 5 миллионнан астам адам қайтып келген. Бұл жалпы халық санының шамамен 12 пайызы. Былтырдың өзінде шекара кесіп өткендер саны шамамен 3 миллионға жетті. Күрт көбейген көш салдарынан демографиялық дағдарыс өршіп, гуманитарлық көмекті бөлу жүйесіне елеулі салмақ түсті. Сарапшылар елді аштық жайлап барады деп дабыл қағып отыр.