Италияда қар көшкінінен екі адам қаза тапты
Италияның солтүстік-батысында қар көшкіні екі альпинистің өмірін қиды. Тағы бір адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Оқиға Монблан тауы маңында, Франция және Швейцария шекарасына жақын аумақта болды. Зардап шеккендердің барлығы Франция азаматтары. Іздеу-құтқару жұмыстарына 15 маман, екі тікұшақ және кинологтар тобы жұмылдырылды. Италия Альпілерінде көшкін қаупі әлі жоғары. Елде осындай қайғылы жағдайлар көп тіркелуде. Мамандар мұны қысқы спортпен айналысушылар санының көбеюімен байланыстырады. Кейінгі бір аптаның өзінде таулы өңірлерде 13 адам көз жұмды