Футболдан әлем чемпионатының кубогі Колумбияға жеткізілді

Футболдан әлем чемпионатының кубогі Колумбия астанасына жеткізілді.

Боготада дүние жүзін аралап жүрген кубокке арналған көрме ұйымдастырылды. Кубок 150 күн ішінде ФИФА-ға мүше 30 елге жеткізіледі. Іс-шара қаңтарда 2034 жылғы чемпионатты қабылдайтын Сауд Арабиясынан басталды. Колумбиядан кейін кубок турнир қожайындары АҚШ, Канада мен Мексикаға сапар шегеді. Футболдан әлем чемпионаты 11 маусымда басталады. Финал 19 шілдеге жоспарланған. Турнирге 48 ұлттық құрама қатысады.