Францияда 30 күннен бері жаңбыр жауып тұр
Францияда 1 айдан бері жаңбыр жауып тұр. Ақ жауын салдарынан елдің батысындағы бірқатар ауданда тасқын жүрді. 4 департаментте қауіп-қатердің ең жоғары «қызыл» деңгейі жарияланған.
Мұнда өзендер тасып, мыңдаған үйді шайып әкетті. Электр қуаты мен ауыз су уақытылы берілмей жатыр. Ло және Гаронна департаментінде 1700 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.