ЮНЕСКО: Газадағы 150 тарихи нысан жарамсыз
Газа секторындағы 150 тарихи нысан бүлінген. Бұл туралы ЮНЕСКО мәлімдеді.
Ұйым жүргізген есепке сәйкес, 14 діни нысан, 115 ғимарат, 3 мәдени орталық, 9 ескерткіш, 1 музей және 8 археологиялық нысанның қазір үйіндісі ғана қалған. Бұл ғимараттардың бірқатары әлемдік мұралар тізіміне енген. Соның ішінде Вади-Газа қорығы, Антедон айлағы, қасиетті Порфирия шіркеуі, VII ғасырға жататын Омари мешіті сынды бірнеше ғасырды қамтитын ғимараттар бар. ЮНЕСКО бұл шығынды дүниежүзілік мәдени мұраға келтірілген залал деп есептеп отыр.