Қытайда жер сілкінді
Қытайда тағы да жер сілкінді. Бұл жолы көрші елдің солтүстік-батыс бөлігінде тіркелді.
Магнитудасы 5,1-ге дейін жетті. Бұл туралы Қытайдың ұлттық сейсмикалық орталығы жариялады. Шыңжаң ұйғыр автономдық ауданын тең-сеген зілзала, жергілікті құтқарушыларды тік тұрғызды. Жер асты дүмпуі 15 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар тіркелмеген.