Қытайлар адамнан да жылдам жүгіретін робот жасап шығарды

Құлтемір секундына 10 метрге дейін жүгіре алады. Жоба авторлары адам мен роботтың мүмкіндіктерін салыстырған. 

Сынақ кезінде гуманоид робот әлдеқайда басым боп шықты. Жаңа модельдің бойы 175 сантиметр, ал салмағы 75 келі. Бұрынғыларына қарағанда шапшаң әрі тепе-теңдікті жақсы ұстайды. Қабырғаға өрмелеп күрделі қимылдарды жасай алады. Жасанды интеллектінің көмегімен кунг-фу өнерін де меңгерген. Бұл жаңалық әлем назарына ілікті. Мамандар мұны роботтарды басқару саласындағы ең жоғары жетістік деп бағалап отыр. 

Лю Ичжан, Unitree Robotics компаниясының директоры:

- Робот навигациялық лазер радар арқылы төңірегін аса дәлдікпен сканерлейді. Осы арқылы өзі тұрған кеңістіктегі орынын анықтайды. Бұл оның қимыл-қозғалысын дәл орындап алгоритмнен шығып кетпеуге мүмкіндік береді. Алайда төңірегінде электронды құрылғылар көп болса кедергі келтіруі мүмкін. Қазір осы жағын жетілдіріп жатырмыз.