Оңтүстік Корея экс-президентінің адвокаттары шағым түсірді
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің адвокаттары сотқа апелляциялық шағым түсірді.
Осыдан бес күн бұрын Юнға 2024 жылы желтоқсанда әскери жағдай енгізгені үшін өмір бақи бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққан еді. Сот экс-президенттің әскерді қолдануын парламент қызметін тоқтатып, мемлекеттік конституциялық құрылымды бұзуды көздеген бүлік деп таныды. Қорғаушылар сот шешімін қате деп, қайта қарауды сұрап отыр. Апелляциялық соттың алғашқы отырысы екі айдан кейін өтеді. Түпкілікті шешім күзде жариялануы мүмкін.