АҚШ санкциялары Кубаға көмекті тоқтатты
АҚШ санкциялары Біріккен Ұлттар Ұйымының Кубаға бөлген гуманитарлық көмегін жеткізбей, жол ортада тоқтатып тастады.
Халықаралық қауымдастық «мұнай эмбаргосы Бостандық аралын жанармайсыз қалдырып, «Мелисса» дауылынан зардап шеккен аймаққа азық-түлік пен құрылыс заттарын тиеген жүк көліктерінің жолын бөгеді», - деп хабарлады. Халықаралық донор елдер Куба үшін 24 миллион доллар жинап берген еді. Кубада дүлей дауылдан бірнеше миллион адам жапа шегіп, 90 мыңнан астам үй мен мектеп және аурухана қирап қалған.