Таиландта көпұлтты әскери жаттығу басталды

Таиланд «Кобра Голд 2025» әскери жаттығуын бастады. Бұл - Оңтүстік-Шығыс Азия үшін ірі жиын. 

Әскери жаттығуға АҚШ-тың үш мыңнан астам сарбазы келген және Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индонезия, Малайзия күштері қатысып жатыр. Ұзын саны 30-ға мемлекет күш біріктірген. Жиылған әскер құрлықпен қатар суда ұрыс жүргізуге дайындалады. Мақсат - күшті топтастырып, жедел әрекетке әзір тұру.