Өзбекстанда көпқабатты үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты

Өзбекстанның Қоқан қаласында көпқабатты үйде газ жарылып, бір адам опат болды. 

Жергілікті төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда оқиға кешкітұрым уақытта болған. Жарылыстан көпқабатты үйдің бір бөлігі қирады. Құтқарушылар өртті сөндірген соң бір адамның мәйітін тапқан. Зардап шеккен өзге азаматтар жайында ақпарат жоқ. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды. Естеріңізде болса, былтыр Өзбекстанда 10-ға жуық осы тектес газ жарылу оқиғасы тіркеліп, 13 адам опат болған.