Ауғанстан Пәкістанмен келіссөз жүргізуге дайын
Ауғанстандағы талибан үкіметі Пәкістанмен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.
Бұл шешім Ауғанстан қарулы күштерінің Пәкістан аумағындағындағы ядролық нысанға жасаған соққысынан кейін қабылданды. Ресми деректерге қарағанда, шекарадағы қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тапқан. Жараланғандар ауруханаларға жеткізілді. Бірақ ресми Исламабад зардап шеккендер туралы ақпарат жариялаған жоқ. Тек әскери қимылдар Дюранд аумағында жүріп жатқанын айтты. Бұған дейін Пәкістан билігі Ауғанстандағы Талибан үкіметіне ресми түрде "ашық соғыс" жариялап, Кабул, Кандагар және Пактия провинцияларындағы нысандарға әуеден соққы жасады. Ресми Исламабад бұған Ауғанстандағы лаңкестік топтардың Пәкістан аумағына шабуылды жиілеткенін айтқан еді.