Иранда құрбандар саны 555 адамға жетті

Иранда АҚШ пен Израильдің әуе шабуылынан қаза тапқандар саны 555 адамға жетті. Бұл туралы халықаралық «Қызыл Жарты Ай» ұйымының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қираған жерлерде іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр. Жалпы 131 қалаға соққы жасалған. Тоғыз ауруханының ғимараты бүлінді. 90 миллионға жуық тұрғын байланыссыз отыр. Сондай-ақ Натанзадағы ядролық нысанға шабуыл жасалды. Бұл туралы Иранның МАГАТЭ-дегі елшісі мәлімдеді. АҚШ пен Израильдің көздегені де осы ядролық нысандар, зымыран қондырғылары мен әскери штабтар болған.