Израиль Тегеранға тағы соққы жасады
Израиль Тегеранға әуеден тағы соққы жасады. Бұл туралы ЦАХАЛ-дың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл жолы Иран астанасындағы «Мехрабад» халықаралық әуежайы шабуылдың негізгі нысанасына айналды. Аталған әуежай бұған дейін де АҚШ пен Израиль жүргізген операция кезінде бомбаланған. АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының мәліметінше, Ирандағы әскери шиеленіс басталғалы бері америкалық әскер үш мыңнан астам нысанаға соққы жасаған. Ал Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының дерегіне сәйкес, шабуылдардан қаза тапқандар саны 1332 адамға жетті. Құрбандардың арасында 181 бала бар.