Еуропа қаруланып жатыр
Тіпті шапшаң қимылдап, өзгелердің алдына шықты.
Бұған "Стокгольмдағы бейбітшілік мәселелерін зерттейтін халықаралық ұйым" жариялаған жаңа есеп дәлел. Осыған дейін бейқам жатқан кәрі құрлықта әсіресе дрон өндірісі қарқын алған.
Еуропа қару-жарақ сатып алу бойынша әлемде бірінші орынға шықты. "Кәрі құрлық" көбіне атқыш ұшақтар, әуе шабуылына тойтарыс беретін жүйелер, зымырандар сатып алады. Жалпы кейінгі 5 жылда ғаламдық қарулану деңгейі 10 пайызға артқан.
ЦИТАТА: Мэтью Джордж, SIPRI зерттеуінің авторы
"Көптеген еуропалық елдер өз әскери мүмкіндігін арттыра бастады. Бұған аймаққа төнген қауіп-қатер деңгейінің еселеп өсуі себеп."
Еуропаның өзінде дрон өндірісі кеңінен дамып жатыр. Германияның Қорғаныс министрлігі отандық компанияларға жарты миллиард еуроға әскери дрондарға тапсырыс берген. Олар 5 келілік жарылғыш затты алып ұша алады. Сағатына 250 шақырымға дейін қозғалады.
Клаус Шо, дрон компаниясының бас директоры:
- "Біздің дрондар 50 шақырым ұшады. Осы аралықта ол базаға бейнежазба жібереді, видеоны көрген оператор әрі қарай не істеу керектігін, соққыны қалай жасау қажеттігін шешеді. Соғыс құрылғысы 2 жарым сағатқа дейін ұша алады. Қазір әлемдегі саяси ахуал қатты ушығып тұр. Таяу Шығыста не болып жатқанын көріп отырмыз.
Бұл дрондар жасанды интеллектіге негізделген. Батареясының қуаты 1 сағатқа жетеді. Сонымен қатар НАТО Германия кәсіпорындарына жылына жүздеген теңіз дронын өндіруге тапсырыс берген.
Ернат Қашқынов