Иракта француз сарбаздарына шабуыл жасалды
Иракта дрондардың шабуылынан 6 фаранцуз сарбазы жараланды.
Бұл туралы күрдтер аймағы саналатын Эрбиль провинциясының губернаторы Умид Хошнау мәлімдеді. Оның айтуынша, лаңкестікпен күресуге арналған әскери оқу-жаттығу базасына 2 дронмен соққы жасалды. Олардың қайдан ұшырылғаны туралы ақпарат жоқ. Франция президенті Эмманюэль Макрон жарақат алған жауынгерлердің біреуінің қаза тапқанын айтып, шабуылды айыптады. ANSA агенттігінің мәліметінше, бұған дейін Ирактағы Күрдістандағы Италия базасына дронмен шабуыл жасалған.