АҚШ-та $2 млн тұратын әшекейлер ұрланды

АҚШ-тың Калифорния штатында зергерлік дүкенге жасалған шабуыл кезінде 2 миллиондай доллардың әшекей бұйымдары ұрланды. Бұл туралы елдің Әділет министрлігі хабарлады.

Тергеу мәліметінше, қара маска таққан шамамен 20 адам дүкенге басып кірген. Қаскөйлер небәрі бір минутта дүкендегі зергерлік бұйымдардың шамамен 80 пайызын қолды қылған. Күдіктілер оқиға орнынан бірнеше көлікпен қашып кеткен. Құқық қорғау органдары 19-20 жастағы төрт күдіктіні ұстап, оларға айып тақты. Қалған ұрылар іздестіріліп жатыр.