Жаңа Конституция құқықтық жүйені нығайтады
Қазақстанның жаңа Конституциясы халықаралық құқық сарапшыларының назарын аударып отыр.
Түркияның Жоғарғы әкімшілік сотының мүшесі, судья Гүрсел Өзканның айтуынша, бұл қадам мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіріп, демократиялық институтты нығайтады. Судья конституциялық жобадағы азаматтардың құқын қорғауға арналған бірқатар маңызды норманы атап өтті. Әсіресе, кінәсіздік презумпциясы, яғни сот шешімі шыққанға дейін кінәлі емес қағидатын бекіту, жеке деректерді қорғау және отбасы институтын конституциялық деңгейде қамтамасыз ету мемлекет зайырлылығы мен құқықтық теңдігін айқын көрсетеді, дейді сарапшы.
Гүрсал Өзкан, Түркия жоғарғы әкімшілік сотының судьясы:
- Конституциялық жобаның бірінші бабында көзделген демократиялық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет қағидаты құқық үстемдігіне негізделген басқару жүйесін қалыптастырады. Сондай-ақ билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтауға, парламенттік бақылауды күшейтуге және азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғауды көздейді. Судья ретінде мен сот тәуелсіздігі мен құқықтық кепілдіктердің күшеюін маңызды деп санаймын. Бұл реформалар заң үстемдігіне негізделген мемлекеттің дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.