Израиль Ливанды тағы да атқылады

Израиль Ливан астанасын тағы атқылады. «Рейтердің» мәліметі бойынша, шабуылдан алты адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған. Негізгі соққы Бейруттың орталық ауданындағы көпқабатты үш үйге жасалды.

Ғимараттардың жоғарғы қабаттары зақымданған. Ливан билігі Израиль азаматтық нысандарға шабуыл жасайтынын алдын ала ескерткен жоқ дейді. Ал Израиль әскері «Хезболланың» қару-жарақ қоймасын көздегенін айтады. Наурыздың басынан бері Ливанда Израиль шабуылдарынан 900-ден астам адам ажал құшып, 1 миллион тұрғын босқынға айналды.